533
Бразилия – футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы
Бразилия Аргентинадан 2:1 есебімен басым түсті
![Бразилия – футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/10/1728244318.webp)
Футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының ақтық кезеңінде Бразилия мен Аргентина кездесті, деп хабарлайды baq.kz.
Кездесуде алдымен Бразилия екі гол (Феррао 6, Рафа 13-минутта) соқты. Ал 39-минутта аргентиналық Матиас Роза есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен есепті теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.
Осылайша, Бразилия Аргентинадан 2:1 есебімен басым түсіп, алты дүркін әлем чемпионы атанды.
Бразилия бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары жеңіс тұғырына көтерілген еді.