Ертең 15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ертең 15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
istockphoto.com
375

«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

7 қазанда оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді.

Атырау облысында күндіз облыстың батысында және солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, облыстың батысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыс орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында күндіз нөсер жауан жауады. Оңтүстіктен соққан жел облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс желіне ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде жоғары (5-класты) өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының орталығында дауыл соғады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы облыс орталығында 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Күндіз шығыста, облыс орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстікте, облыстың тау бөктерінде найзағай ойнайды. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары