Ертең ол финалда британдық Оливер Бондингке қарсы ойнайды
Қазақстандық Әмір Омарханов J300 Beijing 2024 China Open турнирінің финалына шықты.
Отандасымыз жартылай финалда сербиялық Озен Миличті жеңді.
Амир алғашқы сетте 0:6 есебімен жеңіліп қалды, келесі екі ойында қарсыласынан басым түсті, есеп – 6:1, 6:3 болды.
Ертең Омарханов финалда британдық Оливер Бондингке қарсы ойнайды.