Халықтық штаб: АЭС-тен келетін радиациялық әсердің үлесі өте аз

Штаб мүшелері еліміз электр қуатының тапшылығын сырттан келетін ағындармен жауып келе жатқанын жеткізді.

Халықтық штаб: АЭС-тен келетін радиациялық әсердің үлесі өте аз
Халықтық штаб
229

Жетісуда  халықтық штаб мүшелері Ш.Улиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық мұражай қызметкерлерімен кездесті.

Алдағы онжылдықтарда энергетика саласында жағдай күрделенуі мүмкін. Сондықтан проблеманы болдырмауды бүгіннен бастап қарастыру керек. Бұл туралы Аудандық ауруханасына аудандық халықтық штаб мүшелері мәлімдеді.

«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Энергия экономикамыздың локомотиві болып табылады. Біздегі электр энергиясын тұтыну көлемі 2035 жылға қарай 152,4 млрд кВт/сағ болатыны болжанып отыр. Алайда қазіргі уақытта еліміздегі жұмыс істеп тұрған электр станциялары тек 135 млрд кВт/сағ электр энергиясын ғана қамтамасыз ете алады»,  – деді Серик Сембекұлы.

«Атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттар шығармайды. Оның сөзіне қарағанда, АЭС-тен келетін радиациялық әсердің үлесі өте аз, ал әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғатқа қауіпсіз екенін дәлелдеп отыр», – деп мәлім етті штаб мүшесі Ляззат Аязбайқызы.

Сонымен қатар, атом энергетикасы қазіргі таңда «жасыл» энергия көзі ретінде қарастырылатыны, тіпті жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза энергия көзі екені ерекше атап өтілді. Ядролық отынды қайта өңдеу және қауіпсіздікті арттыру мәселелері де әлемдік деңгейде белсенді түрде талқыланып жатыр.

Штаб мүшелері еліміз электр қуатының тапшылығын сырттан келетін ағындармен жауып келе жатқанын жеткізді. Бұлай жалғаса берсе, энергетикалық тәуелділігімізді арттырып, аталған саладағы нарық қауіпсіздігіне қатер төнетінін түсіндірді.

Өз кезегінде мұражай қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, атом электр станциясының салынуын қолдайтындықтарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары