АЭС электр энергиясы тапшылығын шешеді

«AMANAT» партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Ақмола облыстық Халықтық штаб аймақтардағы кездесуін жалғасып жатыр.

АЭС электр энергиясы тапшылығын шешеді
434

Халықтық штаб мүшелері Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс Академиясының ұжымымен кездесіп, 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды.

 Жиында сөз алған штаб мүшелері АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу деген пікір білдірді. Себебі 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 млрд киловаттан асуы мүмкін.

Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Ыбыраев АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратпен бөлісті.

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қызылорда аймақтық Халықтық штаб мүшелері Абылайхан атындағы жоғарғы колледж оқытушыларымен кездесіп, атом энергетикасының тиімділігін талқылады.

«Атом энергетикасының әлеуетін бұған дейін де естіген боларсыздар. Бір айға жуық уақыт штаб мүшелері көптеген ұжымдарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халық ендігі атом энергетикасының тиімділігі мен пайдасынан хабардар. Сондықтан, жалпыхалықтық референдумда нақты таңдау жасайды деп сенемін», - деді штаб мүшесі Қуат Шарабидинов.

«Ғасырлар тоғысында қаламызды былай қойғанда, елімізде жылу, электр мәселесі ақсап тұр еді. Шаһарымызда да ауық-ауық жылу болмай, жарық та жиі өшетін. Дегенмен, сол кездерді артқа қалдырып, заманауи қондырғылармен, керекті жарақтармен жағдайымызды жүйеге келтірдік. Жалпы, әр сала даму үстінде. Қазір бір сәт ұялы телефонсыз қалсақ алаңдап қалатын жағдайға жеттік. Телефон қаншалықты керек затымызға айналғандай, жылу да, энергия да қоғамға, халыққа әрқашан қажет. Сондықтан, маңызды қадамды бірге жасайық», - деді штаб мүшесі Сәрсенкүл Бихожа.

Жалпы Абылайхан атындағы Жоғарғы колледж ұжымының дені жас мамандар. Кездесуде олар атом энергетикасы туралы оң пікірлерін білдіріп, батыл шешім қабылдайтынын жеткізді

 

 

 

Серіктес жаңалықтары