СҚО-да заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
Бәс тігу ставкасы 100 мың теңгеге дейін баратын «Club GG» деген покер 40-тан астам ойын үстелін қамтыған.
ҚМА елдің бірнеше облыстарында жұмыс істеген заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырушыларын Солтүстік Қазақстан облысында анықтады.
100 мың теңгеге дейінгі ставкалары бар покер ойындары "Club GG" жалпыға қолжетімді қосымшасында мыңдаған аудиторияны тарта отырып, 40-тан астам ойын үстелдерінде өткізілді.
Құмар ойындарға қатысу үшін сайтта баланс толтыру мүмкіндігі бар және қатысушыларды тарту үшін 20 операторы жұмыс істейтін Call-орталығы бар телеграм-арнаға сілтеме жарияланған. Ұтыс ставкалары мен төлемдері қатысушылардың карт-шоттары арқылы жүзеге асырылды.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін құқық бұзушылар айналымның 10% алып отырған. Жыл басынан бері ғана қатысушылардың банктік шоттарына түскен қылмыстық табыс сомасы 55 млн теңгеден, қатысушылардың саны 4 мың пайдаланушыдан асады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Жетісу облыстарындағы тұрғылықты жерлері бойынша, автомашиналарда, кеңселерде ондаған ноутбуктер мен компьютерлер, ұялы телефондар, ақша қаражаттары,мемлекеттік тіркеу нөмірлері табылды.
Сонымен қатар, иісі бар өсімдік тектес есірткі заты, қаруға арналған оқ-дәрілер мен өзге де құжаттар табылды.
Телеграм-арна бұғатталды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.