1-курс студенттері қыркүйекте шәкіртақы алмайды

1-курс студенттеріне қыркүйек айының шәкіртақысы қазан айында төленеді.

1-курс студенттері қыркүйекте шәкіртақы алмайды
istockphoto.com
295

Медициналық жоғары оқу орындарының 1-ші семестрінің 1-курс студенттеріне және жаңадан қабылданған 1-курс студенттеріне қыркүйек айының шәкіртақысы қазан айында төленеді. 

Бұл туралы ақпарат бүгін, 23 қыркүйекте "Қаржы орталығы" АҚ Telegram-дағы арнасында пайда болды.

«Қаржы орталығы» АҚ 2024-2025 оқу жылының 1-семестрінің 1-курсында білім алушыларға қыркүйектің мемлекеттік стипендиясын төлеу 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазанның ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Жаңадан түскен Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін хабарлаймыз.

Ауыспалы курс студенттерінің контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түсетін болады. Төлемдер айдың аяғында (қазанда) жүргізілетін болады.

«Қаржы орталығы» АҚ 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Үкіметтің Қаулысына сәйкес стипендиялар төлеу жүргізілетінін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары