Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың әскерге барудан бас тартуы туралы пікір білдірді

Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметшілердің қаза болуы мен жарақаттануының негізгі себептерін атап өтті

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың әскерге барудан бас тартуы туралы пікір білдірді
сурет ашық дереккөзден алынды
380

Брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басхожаев жас қазақстандықтар әскерге барғысы келмейді деген пікірмен келіспеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Барлық ата-аналар балаларын әскерге жіберуге қорқады деуге келмейді», - деп сендірді Тілеужан Басқожаев.  

Оның айтуынша, әскердегі қайғылы оқиғалардың 85-90% - ы әскери бөлімдерден тыс жерлерде болған.

«Қазақстандықтар әскерге қызмет еткісі келмейді деп» жалпылап айтудың қажеті жоқ. Біз қоғамда түрлі пікірлер бар екенін түсінуіміз қажет. Кейінгі 2-3 жылда бізде әскери қызметшілерді жасақтау 110-120%-ға дейін орындалды. Біздің барлық әскери оқу бөлімдерінде бір әскери қызметшінің орынына 4 адамнан келеді. Қазақстандықтардың әскери қызметке барғысы келмейді деу – негізсіз», - деп түсіндірді Тілеужан Басқожаев.

Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстан әскерінде өлім-жітім дерегі неге артқанына қатысты түсінік берді.

Министрдің айтуынша, бейбіт уақытта армияда әскери қызметшілер өліп жатыр, жеке құрамда әлімжеттік бар деген қоғамда қате түсінік қалыптасқан.

Әскердегі өлім-жітім, жарақаттану сынды әскери қызметтегі қауіпті факторларға тоқталайын. Армия – спецификалық әлеуметтік организм. Онда өміріңізде қауіп төнетін жағдайлар болады. Бұл – жауынгерлік техниканы пайдалану, жаттығулар, атыс, маневр және шерулер. Сондай-ақ әскери қызметшілер нақты жауынгерлік құралдарды пайдаланады, - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Басшы соңғы уақытта армияда адам өлімі тіркеліп жатқанын жеткізді.

Өкінішке қарай әскери қызметшілердің қаза болу фактілері тіркеліп жатыр. Әрине, соңғы жылдары әскери оқу-жаттығудың қарқындылығы күрт артты. Осылайша, жарақат алу қаупі де жоғарылады. Бүгінде әскери қызметшілердің қаза болуының барлық жағдайы бейбіт тұрғындардың өліміне ұқсас, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары