Арман Дүйсеновтің өмірінің соңында жалғыз тұрғанын айтқан Индира Елеместің басы дауға қалды

Желі қолданушылары аруақты мазалап, мұндай әңгіме айтуға болмайды дейді.

Арман Дүйсеновтің өмірінің соңында жалғыз тұрғанын айтқан Индира Елеместің басы дауға қалды
коллаж: turkystan.kz
Автор
Админ
1674

Белгілі әнші Индира Елемес «Астарлы ақиқат» бағдарламасында танымал сазгер, марқұм Арман Дүйсеновтің өмірінің соңғы күндерінде жалғыз тұрғанын, жаназасын өз үйінен шығарғысы келгенін айтқан болатын.

Осыдан кейін көпшіліктің көкейінде көп сұрақ пайда болды. Сазгердің  отбасы қайда? Үйі қайда? Неге Индира Елеместің ән жазатын студиясында тұрған?

Дегенмен бақилық болып кеткен, елге сыйлы адамның артынан мұндай әңгіме айтудың қажеті жоқ еді дегендер де бар. Жұртшылық марқұмның жеке өміріне, отбасына қатысты жағымсыз ой тудыратын әңгіме айтқаны үшін Индира Елеместі сынға алып, қарсылығын әлеуметтік желіде жазып жатыр.

«Біздің көршіміз болды. Үйі де, күйі де болды. Жаназасын сол үйден шығарды өзім көрдім. Ол үйде Ерболат Беделхан да тұрады. Карантин кезінде аулада жиі серуендеп жүретін», - дейді Роза Сапанова есімді желі қолданушысы.

«Қайтыс болған адамның артынан осындай әңгіме не керек еді», «Аруақты қозғаудың қажеті жоқ. Ара түсейін деп, көрші екенімді, көргенімді айты жатырмын», «Асыл азамат еді, әрқашан жымиып, күлімдеп тұрғаны есте қалыпты» дейді олар.  

Серіктес жаңалықтары