Павлодарда 17 жастағы студент мұғалімге пышақ сұққан

Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Павлодарда 17 жастағы студент мұғалімге пышақ сұққан
istockphoto.com
659

Павлодарда мұғалімге пышақ сұққан студент қамауға алынды.

Облыстық білім беру басқармасы 18 қыркүйекте Павлодар колледжінің 2007 жылғы студенті Павлов көшесіндегі үйдің ауласында педагогті жарақаттағаны туралы хабарлады.

– Колледж әкімшілігі бекітілген алгоритмге сәйкес шараларды ұйымдастырды. Педагогке медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, – деді білім беру басқармасында. 

Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Тәртіп сақшылары  жағдайды анықтау үшін студентті қамауға алды.

Басқарма білім беру ұйымдарының басшыларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс кеңес өткізді.

Серіктес жаңалықтары