228
Алаяқтық жасап, 12 жыл қашып жүрген келіншек ұсталды
Ол енді 10 жылға сотталуы мүмкін.
Алматы полициясы құқық қорғау органдарынан 12 жыл бойы жасырынып жүрген келіншекті ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оған алаяқтықтың 13 эпизоды бойынша айып тағылған.
«2012 жылдың маусым айында Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп, адамдардың сеніміне кіріп, алдап, аса ірі мөлшердегі ақша қаражатын заңсыз алған», - деп хабарлады полиция.
Ол қазір тергеу изоляторына қамалған. Енді мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталуы мүмкін.