АЭС салу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Штаб мүшесі Дамир Көпжасаров АЭС құрылысы экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие екендігін атап өтті.

АЭС салу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Халықтық штаб
Автор
Админ
140

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ақтөбе облыстық халықтық штабы  «Табыс-Ақтөбе» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті. Жиында штаб мүшелері АЭС салу атом индустриясы және еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндік ашатынын айтты. 

Штаб мүшесі Дамир Көпжасаров АЭС құрылысы экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие екендігін атап өтті. 

АЭС салу елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне мүмкіндік береді. Мәселен, жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, АЭС-тегі әрбір жұмыс ілеспе салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер етеді. Жергілікті өнеркәсіп дамиды. Сонымен қатар, тұтынушылар 60 жылдан астам уақыт энергиямен қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Қайырбек Таханов оның сөзін толықтырып,  АЭС құрылысын жаңа кәсіпорындардың ашылуының, жаңа жұмыс орындарының құрылуының және экономикалық өсудің басты факторы ретінде атап өтті. 

Энергетика дамымай, ел экономикасының дамуы мүмкін емес., Ел аумағында АЭС-ті пайдалануға беру көмір мен газ негізіндегі электр энергиясын өндіруді алмастыра алады. Ол экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң әсер етеді. Сондай-ақ ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ парниктік газдың шығынын азайтады. Сондықтан бір шешімге келуіміз қажет, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары