«Адамгершілігі бір бөлек әлем»: Димаш Құдайберген жұртты тәнті етті

Димаш Құдайбергеннің концерттегі әрекетіне жұрт сүйсінді.

«Адамгершілігі бір бөлек әлем»: Димаш Құдайберген жұртты тәнті етті
видеодан алынған скрин
476

«Астана-Арена» стадионында өткен Димаш Құдайбергеннің концерті мыңдаған көрермен жинады, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеоны Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бейнежазбадан концертті камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде құлайын деп қалған сәтін байқауға болады. Оны сахнада тұрған  әнші байқап, ұстап қалған.

«Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем», - деп жазды Нұрасыл Бектұрғанов.

Әлеуметтік желі қолданушылары Димаштың бұл әрекетіне қызығып, таңданыстарын жасырмады.

 

 

Серіктес жаңалықтары