Ұлттық құраманың еншісінде 114 медаль, оның 44-і – алтын
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Соңғы жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды.
«Қазанат» ипподромында өткен бәйгеден Қазақстан 18 жүлдеге ие болды: 6 алтын, 7 күміс, 5 қола.
- Ұшқыр бәйге 1600 метр:
1-орын: «Шағала, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев (Қазақстан);
2-орын: «Арлан, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Турганжан Юлдашев, ат иесі – Булгынов Мерхат (Қазақстан);
3-орын: «Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нурасилов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).
- Ұшқыр бәйге 2400 метр:
1-орын: «Берил Рэйсер», жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).
2-орын: «Адай», жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев,(Қазақстан);
3-орын: «Роузлайн», жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан);
- Ұшқыр бәйге 3200 метр:
1-орын: «Лайф’с Э Бриз», жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);
2-орын: «Уэст Кост Найт», бапкері – Жусупов Даурен, ат иесі Жусупов Даурен ат иесі Карабай КФХ,(Қазақстан);
3-орын: «Аляска Тайгер», жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).
- Жорға 9 шақырым:
1-орын: «Чиксон Лок». жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);
2-орын: «Ақ-жауын». Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);
3-орын: «Императрица». Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).
- Құнан бәйге 11 шақырым:
1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)
2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)
3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).
- Топ бәйге 18 шақырым:
1-орын: «Холибой», шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Едил Буралкиев (Қазақстан);
2-орын: «Зымыран», шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);
3-орын: «Кемеңгер», шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).
- Аламан бәйге 25 км шақырым:
1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);
3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).
- Ал ипподром маңындағы этноауылда өткен теңге ілуден жеті құт стилінен Бақыт Төлтай алтын жүлде алды.
- Этноауылда құсбегіліктен өткен ақтық сында бүркіт салудан Серікбек Күнтуған алтын жүлдеге ие болды. Ал күмісті Ержан Байқадамов, қола жүлдені Арман Қошқаров иеленді. Ителгі салудан Бағдат Кеуенов қола жүлде иеленді.
- «Алау» мұз сарайында өткен қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан ақтық сында Қазақстан құрамасы 96:18 есебімен Қырғызстан спортшыларына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
- «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде өткен түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан әйелдер арасында Құндыз Есіркеп алтын жүлде алса, Айкерім Қуанышбекова қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Биғали Зкиряев алтын медаль алса, Азамат Қайдаров қола жүлде еншіледі. Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды