Алматы облысында 6 баланың әкесі өзінің кішкентай қызына азғындық жасаған

Қызынан сұмдық жайттарды естіген әйел балаларын алып, ауылына кетіп қалған

Алматы облысында 6 баланың әкесі өзінің кішкентай қызына азғындық жасаған
istockphoto.com
9951

Белгілі заңгер Ләззат Рақышева Instagram-дағы парақшасына оқырманының кезекті хатын жариялады. Айтуынша, 6 баланың әкесі өз туған қызымен жыныстық қатынасқа түспекші болып, оған массаж жасаған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Заңгердің жазуынша, азғын әке 11 жастағы қызына зорлық көрсеткен. Бала анасына бар шындықты әкесі үйден кетіп қалғанда ғана айтып берген.

Арамызда 6 бала бар. Күйеуім Алматы облысында әскери полигонда жұмыс істеді. Былтыр 3 желтоқсанда екеуміздің арамызда түсініспеушілік болып, ол кетіп қалған еді. Кейін 11 жастағы қызым әкесінің бірнеше рет тиіскенін айтты. Нақтылап сұрағанымда, бұрын мен жоқ кезде қызымның бетін көрпемен жауып, оның жыныстық мүшесін қолымен уқалағаны, сүйгені туралы айтты. Әкесі оның бетін жауып қойып, мүшесімен жыныстық мүшесіне тиісіп, артынан туалетке барып жуынады екен. Бұны ешкімге айтпау керектігін және қызына әке ғана осындай массаж жасап жүргенін айтқан екен. Күндердің бір күнінде күйеуім қызды тулатке кіргізіп, көзіңді жұмып, аузынды аш деген. Оның айтқандарын істеп, аузын ашқан кезде мүшесін тыққанын айтты. Осыны естіген сәтте балаларымды алып, ауылыма қайтып кеттім. Оқиғаның бәрі жалға алып тұрған үйде болған. Енді мен – анасы сіздерге көмекке жүгініп отырмын, - деп жазған автор.

Серіктес жаңалықтары