Талдықорғанда мүгедектігін ұзарту үшін пара берген 5 адамға ірі мөлшерде айыппұл салынды

Айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда жаза бас бостандығын айыру жазасына алмастырылады.

Талдықорғанда мүгедектігін ұзарту үшін пара берген 5 адамға ірі мөлшерде айыппұл салынды
istockphoto.com
249

Талдықорғанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы бес адамның мүгедектігін ұзарту үшін делдалдар арқылы 450 мың теңге пара алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Панфилов аудандық ауруханасының травматологы, Сарқан аудандық ауруханасының психиатры, Ақсу аудандық ауруханасының УДЗ дәрігері пара берушілер мен пара алушының арасында делдал болған.

Сот:

  • пара алған бөлім басшысына 8,7 млн теңге (пара сомасының 60 еселі мөлшері);
  • травматологқа 9 млн теңге (пара сомасының 20 еселі мөлшері);
  • психиатр мен УДЗ дәрігеріне 300 мың және 700 мың теңге (пара сомасының 10 еселі мөлшері);
  • пара берген бас адамға 450 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін айыппұл салды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары