«Пәтерлерді аралап жүр: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Полиция әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Пәтерлерді аралап жүр: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Polisia.kz
707

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде құқық қорғау қызметкерлері пәтерлерді аралап, үйдің иелерінен құжаттарды көрсетуін талап етіп, биометриялық деректерді жинап жүргендері туралы хабарламалар таралуда. Осыған байланысты ІІМ мәлімдеме жасады.

Тұрғындардан жеке куәліктерін көрсетуді талап етіп, алдағы халық санағына дайындық ретінде биометриялық деректерін жинап жатқанын айтады.

ІІМ мұндай топтардың жоқ екенін, ал таралған ақпараттың – жалған екенін айтты.

Қазақстандықтарға сақ болып, алаяқтардың айласына ермеу керектігі ескертілген. Олар ұрлық жасайтын болуы мүмкін.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі пайдаланушыларына БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер», – деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары