Ақмола облысында жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді манипулятор қағып, мерт қылды.
Қайғылы жағдай бүгін Қосшы қаласында болған. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасының болғанын растады.
Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бүгін 11 қыркүйекте сағат 18:00 шамасында Қосшы қаласында болғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда балабақшадағы баласына бара жатқан әйелді манипулятор көлігі қағып кеткені және оның жедел жәрдем көлігінде қайтыс болғаны жазылған.