Рудныйда екі жасөспірім қызды көлік қағып кетті

Олар ауруханаға жеткізілді.

Рудныйда екі жасөспірім қызды көлік қағып кетті
istockphoto.com
205

Жол-көлік оқиғасы 8 қыркүйек күні кеші сағат 18:00-де Паркова көшесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты арттырып, жаяу жүргіншілер жолағында кәмелкетке толмаған екі қызды қағып кеткен.

Полиция аталған факті бойынша сараптамалар тағайындады. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

2007 және 2008 жылғы жасөспірім қыздар ауруханаға жеткізілген. 2007 жылғы қыз Қостанай облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Миы шайқалған. Екінші қыз ауруханаға жатқызылған жоқ. Бірі мектеп оқушысы, бірі Рудный колледжінің студенті.

Серіктес жаңалықтары