Астанада бір топ оқушы бір баланы 5-қабаттан лақтырмақ болған

Оқиғаға қатысты Астана қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады

Астанада бір топ оқушы бір баланы 5-қабаттан лақтырмақ болған
istockphoto.com
309

Астанада бір топ оқушы бір баланы 5-қабаттың балконынан лақтырмақ болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Балалардың ерсі әрекеті түсірілген видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасына жарияланды. Видеоны балалардың бірі түсіріп алған. Олар жабылып, бір баланы Sezim Qala тұрғын үй кешенінің 5-қабатынан лақтырғалы жатқандарын айтады. Бірақ салмағы ауыр болғандықтан оны көтере алмаған.

Баланың ата-анасы полиция қызметкерлерінен кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Бұл факті тіркелді. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Мән-жайлар заңды өкілдердің қатысуымен анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары