Әнші Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті

Олар елордадағы мейрамханалардың бірінде ет-жақындары мен отбасылық достарының басын қосқан

Әнші Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті
instagram.com/tamaraasar
1361

Әнші Тамара Асар желіде қызының туған күнін қалай атап өткенін көрсетті.

Сыйға сый сыраға бал. Бапасы солтүстікте, мен батысқа мұнайшылар мерекесімен жолда болғасын, Ажарлымыздың туған күнін алдын ала жоспарлай алмадық. Бас аяғы 2-3 сағат қалғанда Астанадағы отбасылық дос-жақындарға телефон шала қойып едік. Бәрі бір ауыздан келе қалды. «Ертерек неге айтпадыңдар?» деп бөтен өкпе айтпастан, шақырғанда жүгіріп келе қоюдың өзі бір бөлек қуаныш екен. Рахмет ниеттеріңізге тілекшілеріміз. Сіздердің де 24/7 іздесеңіздер, шақырсаңыздар келе қалатын дос-жаран, туыстарыңыз болсын, – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары