Ақтау қаласында көпқабатты үйдің жертөлесінде ер адам қызды зорлаған. Полиция әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейресми дереккөздердің хабарлауынша, оқиға 5 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында 9-шағын аудандағы 30 үйде болған.
Күдікті қызды жертөлеге сүйреп апарған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оқиға орнын сары лентамен қоршауға алды.
Жергілікті журналистер Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінен ақпарат ала алмады.