769
«Қатты қобалжыдым»: Ақмарал Науатбек финалдан кейінгі әсерін айтты
Мен өте қуаныштымын, дейді ол
Пара дзюдодан Париж Паралимпиадасының чемпионы атанған Ақмарал Науатбек Qazaqstan арнасына берген сұхбатында финалдан кейінгі әсерін айтты.
Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында сынға түсіп, финалда франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңген еді.
Мен өте қуаныштымын. Әрине, қатты қобалжыдым. Қарсыласым өз елінде күресті. Өздеріңіз де оған деген қолдау қандай болғанын естіген шығарсыздар. Бірақ мен қорқынышымды жеңе білдім, алтын ұтқаныма өте қуаныштымын.
Бұл қарсыласым маған бұрыннан таныс, әлем чемпионатында кездескен едім. Ол физикалық тұрғыдан өте қиын қарсылас, - деді Ақмарал Науатбек.