Қайрат Нұртастың анасы құда-құдағиына алғыс білдірді (ВИДЕО)
Бүгін продюсер Гүлзира Айдарбекованың келінің туған күні.
Гүлзира Айдарбекова келіні Әйгерім Сәркенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім – Әйгерім, сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын! Қандай мақтауға болсын лайықтысың, саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен. Ақмөр және Нұрали немереміздің артынан ұл-қыз еріп, үлкен әулеттің абзал анасы бол. Қара балам, дара балам Аян Нұртастың құшағында 100 жасап екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла!», - деп жазды продюсер әлеуметтік желіде.