«Әкесі тірі ғой»: Қалдыбек Құрманәлі «Астарлы ақиқатта» ренішін айтты

Сондай-ақ композитор марқұмның ұлы Арсен мен әкесін қалай табыстырғанын да айтып берді.

«Әкесі тірі ғой»: Қалдыбек Құрманәлі «Астарлы ақиқатта» ренішін айтты
Қалдыбек Құрманәлі. Фото: YouTube
Автор
Админ
2528

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі «Астарлы ақиқат» бағдарламасында марқұм әнші Мәдина Ералиеваны есіне алып, күйеуі Болат Атабаев туралы айтып берді.

Өнер иесі көпшілік арасында марқұмның ұлы Әрсен жайлы айтылатын әңгімеге ренішін жеткізді.

 «Әрсеннің үйлену тойында оны барлығы «Мәдина Ералиеваның баласы» деп жүрді. Сосын мен «мына жерде әкесі отыр емес пе?!» деп айтқан болатынмын. Әкесі тірі ғой, мүгедек емес, бір көзі соқыр емес немесе түрмеде отырып келеген адам емес. Біздің Әрсен бақытты адам. Оның әкесі – атақты режиссер Болат Атабаев. Ал анасы – белгілі әнші Мәдина Ералиева

Мәдина Арсенді күлге аунап туған жоқ. Болат Атабаев – баласының биологиялық әкесі. Оған ғашық болған жігіт көп. Бірақ ол Атабаевты таңдады. Екеуі ғашық болды. Болат менің жездем болды. Мәдинаны «әпке» дейтінмін. Болат – үлкен аңызға айналған тұлға, күрескер, қайраткер, ондай режиссер кемде-кем», – деп бастады әңгімесін сазгер.

Сондай-ақ композитор марқұмның ұлы Арсен мен әкесін қалай табыстырғанын да айтып берді.

«Бірде Мәдина Ералиеваны еске алу кешін Астанада өткізетін болдық. Арсеннің үйіне барып, шаршап, ұйықтап қалдым. Кештің режиссері Болат Атабаев болды. Басында көнгісі келмеді. Сосын «өткен шақпен сөйлеудің қажеті жоқ, балаңыз бар» деп айттым. Арсеннің үлкен ұлы Әлішер кішкентай еді. Қайта-қайта маған келіп, «ата» деп құшақтай береді. Бір күні Болат Атабаевты алып барып, «Әлішер, міне, атаң» деп көрсеттім. Жұрттың бәрі Мәдина Ералиеваның күйеуін көргісі келеді. Сахнаға шығып сөйлеп, режиссері ретінде Болат Атабаевты ортаға шығардым, көрсеттім. Негізінен Болат деп сәл кідіріп едім, халық түрегелді. Екі Болат бар ғой. Сондықтан Арсенді айтқанда тек анасы мен әкесін де бірге айту керек. Бұл – тектінің ұрпағы», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары