Гүлпаршын Бейсембайқызы: Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет

Дүйсенбіде жариялаған Жолдауында Президент мұғалімдер мәртебесі мен білім саласына кеңінен тоқталып, бірқатар тапсырма берген еді.

Гүлпаршын Бейсембайқызы: Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
Автордың жеке мұрағатынан
Автор
Админ
415

Оқу жылының басталуына сай келген Мемлекет басшысының жолдауы мұғалімдер қауымының көңілінен шығып, ертеңге күнге деген сенімдерін күшейтті десек болады. Бұған ұстаздардың ой-пікірі дәлел. Жолдауға қатысқан Қонаев қаласындағы №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлпаршын Қалмырзаева Президенттің адал азаматтар мен адал мамандардың жанынан табылғанына қуанышты.

«Оқу жылының басталуына сәйкес келетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы атқарылатын жұмыстың нақты 9 бағыты атап айтылды. Мен өзім ұстаз болғандықтан, бесінші: «Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды» бағыты бойынша пікірімді айтайын.

Мемлекет басшысы кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алатынына, еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт беріп, еңбек адамның абырой-беделін көтеретініне тоқталып, "Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс" қағидатын ұсынды. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын орнықтыруда маңызы зор екенін айта келе,  2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялайтынын мәлімдеді. 2023 жылғы  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбында жасалған Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын айтқан болса,  биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын, 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға берілетінін айтты. Сонымен бірге еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін,  3 жыл ішінде бұл мектептеpдің толық жаңаpтылуы кеpектігін тапcыpды», - дейді аяулы ұстаз.

Әділетті Қазақстанды құру, оны болашақ ұрпаққа аманат ету – бәрімізге міндет. Бұл орайда ұстаздар қауымының атқарар рөлі зор екенін де әрдайым есте ұстаған жөн.

«Мемлекет басшысы «Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Себебі ұстаздаp – ұлттың зияткеpлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәpбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екеніне тоқталып,  бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы екенін, оны жалғастыру қажеттігін ескертті.

Мемлекет басшысының: «Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет» - деген қорытынды сөзі ұстаздарға да өте үлкен сенім артатынын және соған лайықты біліктілікті талап ететінін түсінеміз!», - дейді Гүлпаршын Бейсембайқызы.

Серіктес жаңалықтары