365
Шымкентте 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Бүлдіршіннің жағдайы ауыр
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 18:45-те әл-Фараби ауданы, Володарский көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабатынан 2020 жылы туған ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама түсті.
"Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа", - деп хабарлады департамент.