Екібастұзда қоғамдық көлікте жүру жолақысы қымбаттайды

Жаңа тариф 9 қыркүйектен енгізіледі.

Екібастұзда қоғамдық көлікте жүру жолақысы қымбаттайды
АЙҚЫН-ЛИТЕР
462

Жаңа тариф 9 қыркүйектен енгізіледі. Жолаушылар қазіргі 80 теңгенің орнына 100 теңге төлейтін болады.

Екібастұз қалалық мәслихатының келісімі бойынша, қалаішілік бағыттардағы жолаушылар тасымалында тариф өседі. Бұған дейін қала тұрғындары автобустағы жолақысын электронды түрде жүргізгенде 80 теңге төлеп келсе, енді тариф 100 теңгені құрайды. Ал қолма-қол төлегенде жаңа тариф – 200 теңге.

- Жаңа тариф 9 қыркүйектен енгізіледі. Зейнеткерлер үшін 50 % жеңілдік қала береді. Электронды төлем жасағанда бірыңғай тұтас тарифтің жартысын, яғни 50 теңге төлейді. Ал қолма-қол ақшамен 100 теңге болады. Жолақысын «Avtobys» қосымшасы, көлік картасы немесе банк қосымшасының QR-коды арқылы төлеу қарастырылған,-деп хабарлады Екібастұз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен.

Серіктес жаңалықтары