Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Ақтөбе, Алматы қалаларындақалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto.com
182

3 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 3 қыркүйек, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Алматы қалаларындақалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары