Жолаушы әуежайда мысығын жоғалтқан, қызметкерлер оны далаға шығарып жіберген

Мысықтың иесі басынан өткен оқиғаны Instagram желісінде жазды.

Жолаушы әуежайда мысығын жоғалтқан, қызметкерлер оны далаға шығарып жіберген
Автор
Админ
453

Бойжеткен 21 тамызда Томас атты мысығынан айырылып қалған. Мысығы әуежайда қолынан босап, қуысқа кіріп кеткен, деп жазады turkystan.kz.

«Біз мысықты шығарып беруін сұрадық. Келесі ауысымға жеткізуді сұрадық. Көргендер болса бірден хабар берсінші деп өтіндік, байланыс телефонымызды қалдырдық. Тауып береміз деді»-дейді бойжеткен.

 Бірақ кейін еріктілерден мысығын сыртқа шығарып жібергенін естіген.

«Кейін білгеніміздей, бір қызметкер мысықты алып, біздің мысығымыз екенін біле тұра, қоқыс сияқты әуежайдың сыртына шығарып тастаған»-дейді.

Ал әуежай қызметкерлері мысықтың мойнында қарғыбау болмағанын, жолаушының өзі мысығын бос жібергенін мәлімдеді. Сондай-ақ жануарларға иелері ғана жауапты екенін еске салды.

Серіктес жаңалықтары