Қыран мен оның келіншегі Гүлзада Тұрлашты президентпен әзербайжандық музыкант, кәсіпкер Эмин Агаларов таныстырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Әзірбайжан президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиевпен жеке танысу біз үшін үлкен құрмет. Осындай мүмкіндік берген Эмин Аразұлына рахмет!»-деп жазды блогер.
Қыран Талапбек бұған дейін халықаралық нарыққа шығуды ойластырып, сол бағытта жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген еді. Биыл жазда Астанада өткен ШЫҰ саммитінде де қызмет көрсетіп, бірнеше елдің президенттерін түсірген болатын.