Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен турнирде алтын жүлдегер атанды

Ол 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанды.

Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен турнирде алтын жүлдегер атанды
Жәния Бекмұхамбетова. Фото: Olympic.kz.
576

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы WTT Youth Contender турнирінде алтын жүлдегер атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанды. 

Жәния турнир барысында төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Үндістан, Колумбия, Хорватия және Польша спортшыларынан басым түскен. 

Серіктес жаңалықтары