446
Такси жүргізушісі жолаушының 700 мың теңге тұратын фотоаппаратын ұрлаған
Астана полициясы күдіктіні ұстады.
21 жастағы бойжеткен таксиге мініп, құны 700 мың теңге тұратын фотоаппаратын қалдырып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кейін фотоаппараты жоқ екенін байқаған соң, такси жүргізушісіне қоңырау соққан. Бірақ жүргізуші жауап беруден жалтарған.
Есіл ауданының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 700 мың теңге тұратын Canon фотоаппаратын ұрлаған 24 жастағы жігітті ұстады.
Күдікті жолаушының бейқамдығын пайдаланып, фотоаппаратты ұрлағанын мойындады. Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.