Боксшы инстаграм парақшасының сторисінде осы әңгіменің бәрінен қатты шаршағанын жеткізді, деп жазады turkystan.kz.
Арызданушымен араларында ешқандай байланыс болмағанын айтады. Тағы бір сторисінен боксшының ашуланып, жаттығып жатқанын көруге болады.
«Лас, алып-қашпа сөздер шаршатты. Арызданушымен төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым-қатынас та болған емес!»-деп жазды спортшы.
Айта кетейік, боксшыны 28 жастағы Әнару Қалдыбекқызы «6 жыл бойы алдап келді, зорлады» деп айыптап, полицияға арыз жазған болатын. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.