427
Қазақша еркін сөйлейтін француз азаматы жұртты таңғалдырды
Ол бұрын Қазақстанда 16 жыл бойы жұмыс істегенін айтты
Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлеген француз азаматының бейнежазбасы тарады.
Inbusiness.kz сайтының жазуынша, Франция азаматына Қазақстан, атап айтқанда Қостанайдан Еуропаға көлікпен барған азаматтары кездесіп қалған. 11 мың шақырымды басып өткен қазақстандық туристерге Франция азаматы “ойбай, қиын болмады ма?” деп сұрақ қояды. “Қиын болды” деп жауап берді.
Ол бұрын Қазақстанда 16 жыл бойы жұмыс істегенін айтты.
“16 жыл болдым. Петропавлда, Алматыда болдым. Франциядамыз. Жақсы сапар болсын”, – дейді француз азаматы.