Қазақстандық студент Голливудта өткен байқауда 7 жүлде иеленді

Отандасымыз «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсетті

Қазақстандық студент Голливудта өткен байқауда 7 жүлде иеленді
Мәдениет және ақпарат министрлігі
475

Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысты. Отандасымыз «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсетті.

«Әлихан Нұржауов үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса қазақстандық студентке кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталды.

Нәтижесінде әлемдік модельдердің үштігіне енген ол енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Әлихан Алматы қаласында туған. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығын меңгеруде.

Сондай-ақ, ол жақында актер ретінде дебют жасап, ресейлік сериалда басты рөлді сомдады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары