Қазақстанда жарма өндірісі 28,4% артты

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде күрішті қоса алғанда 145,9 мың тонна жарма өндірілді.

Қазақстанда жарма өндірісі 28,4% артты
istockphoto.com
Автор
Админ
323

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4% артық. Бұл туралы QazStat хабарлады. 

Осы кезеңде жарма импорты 27,5% қысқарып, 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы 20,8 мың тоннамен салыстырғанда 15 мың тоннаны құрады. Жалпы ресурстардағы импортталған өнімнің үлесі - 9,4%.

Сондай-ақ жарма экспорты 14,2% азайды, биыл алғашқы алты айда 55,3 мың тонна өнім шетелге жіберілсе, 2023 жылғы қаңтар-маусымда экспорт көлемі 64,5 мың тонна болған.

2024 жылдың алғашқы алты айында ішкі нарықта саудаланған жарма көлемі 105,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2%  артық.

 

Серіктес жаңалықтары