Қостанай облысында 20 бас сиыр тиелген жүк көлігі аударылды

Жол апаты кешкі мезгілде болған.

Қостанай облысында 20 бас сиыр тиелген жүк көлігі аударылды
423

21 тамыз күні Қостанай-Мамлют автожолының 26-шақырымында 34 жастағы Volvo жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай кюветке аударылған, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жүргізуші Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентінің ет комбинаттарының біріне 23 бас ірі қара мал апара жатқан.
Апат салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды. Полицейлер тасымалданатын жүкке құжаттардың бар екеніне көз жеткізді. Қазіргі уақытта оқиға орнына манипулятор келді , оның көмегімен жануарларды тиеу жүзеге асырылады. Содан кейін сиыр тиелген көлік полицейлердің ілесіп жүруімен межелі жерге жеткізіледі. арлық мән-жайларды анықтағаннан кейін жүргізушінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», - делінген Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары