Тұрғындар МӘМС жүйесін өзгерту жайлы петиция жариялады

Қазақстандықтар epetition.kz сайтында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін өзгерту жайлы петиция жариялады.

Тұрғындар МӘМС жүйесін өзгерту жайлы петиция жариялады
istockphoto.com
Автор
Админ
310

Петиция авторлары МӘМС жүйесін түбегейлі қайта қарау керек, адамның өз есепшотына жиналмайтын болса бірнеше жұмыс орнынан қаражат аудару тиімсіз, сондықтан бір ғана жұмыс орнынан ақша аударылса жеткілікті дейді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерді кіріс түспеген айда МӘМС төлеуге міндеттемеу, аударылған ақшаны жинап, жақынына көмектесу үшін шешіп алуға мүмкіндік беру мәселелері көтерілген.

«МӘМС жүйесі барлық медициналық қызметтерді жаппайтындықтан, жиналған ақшаны азаматтар өз қалауынша жұмсауға, жақындарының еміне беруге құқылы болуы тиіс»-дейді авторлар.

 

Серіктес жаңалықтары