"Ер адам өз бетімен шыққан": Қостанайда суға құлап кеткен 8 жастағы бала екі күннен бері табылмай жатыр

8 жастағы оқушы 18 тамыздан бері іздестіріліп жатыр.

"Ер адам өз бетімен шыққан": Қостанайда суға құлап кеткен 8 жастағы бала екі күннен бері табылмай жатыр
616

Қостанай облысында екі күн бұрын байқаусызда суға құлап кеткен 8 жастағы әлі табылмай жатыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Б.Майлин ауданына қарасты Козыревка ауылында Тобыл өзенінің арғы бетіндегі жағалаудан өтіп бара жатқан ер адам мен 8 жастағы бала абайсызда суға құлап кеткен. Ер адам судан өз бетімен шыққан. Ал баланы ағыс алып кеткен. Оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл іске төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары, еріктілер, сондай-ақ жүзу құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары