Көп балалы отбасылар 275 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері 583,4 мың көп балалы отбасы 274,8 млрд теңге жәрдемақы алған.

Көп балалы отбасылар 275 млрд теңге жәрдемақы алды
istockphoto.com
Автор
Админ
378

Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.

Бұл жәрдемақыны 4 және одан көп баласы бар отбасылар ала алады.

2024 жылғы жәрдемақы мөлшері:

4 балаға – 59 183 теңге;

5 балаға – 73 988 теңге;

6 балаға – 88 793 теңге;

7 балаға – 103 598 теңге;

8 және одан көп балаға – әр балаға 14 768 теңге.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7% өскен. Биыл көп балалы отбасылардың жәрдемақысына 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары