Бұршақ, найзағай: бүгін ауа райы қандай болады?

18 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бұршақ, найзағай: бүгін ауа райы қандай болады?
istockphoto.com
570

«Қазгидромет» РМК тамыздың 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Мәлімет бойынша, солтүстік-батыс циклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік – шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары