Мас ер адам автобус жүргізушісін ұрған, салдарынан жолаушы әйел көз жұмды

Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне жұдырық жұмсап, төмпештей жөнелген.

Мас ер адам автобус жүргізушісін ұрған, салдарынан жолаушы әйел көз жұмды
фото: видеокадрдан үзінді
Автор
Админ
494

Оқиға 15 тамыз күні №148 автобуста орын алған. Жүргізуші тежегішті басып, көлікті бірден тоқтатуға мәжбүр болған. Салдарынан есік тұсында шыққалы тұрған жолаушы әйел құлап, басын қатты соғып, жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмған.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Жағдайы тұрақты.

«Жараланған жүргізуші ауруханада. Қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізуші отыратын аумақты оқшаулауды, әйнек салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр»-деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Полиция департаменті жұдырық ала жүгірген күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары