Спорт саласындағы заңнамалық өзгерістерді талқылады

Қазір Мә­жі­лістің әлеуметтік-мә­дени даму ко­митетінде дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы қа­ра­луда.

Спорт саласындағы заңнамалық өзгерістерді талқылады
сурет: amanatpartiasy.kz
260

Мәжіліс депутаттарының аймақтардағы жұмысы жалғасуда. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Талды­қор­ғандағы Орталық ста­дионның реконструкция барысымен танысып, облыстың спорт қоғам­дас­ты­ғымен кездесті.

Талдықорған Орталық стадионы қай­та жаңартылғаннан кейін 1500 кө­­рерменді қа­былдай алады, бұл бұ­рын­­ғыдан 500 орын­ға артық. Жаңар­тылған алаңда «Же­ті­су» футбол клу­бы­ның 400-ден астам тәр­бие­ленушісі жат­тығуларын жалғастыра ала­ды. Ал ал­ғаш­қы футбол матчы 18 та­мыз­да өтпек.
– Жұртшылық әрқашан спортқа ерек­ше көңіл бөледі. Оған, әсіресе жа­қында өт­кен Олимпиада ойындары да сеп болды. Бо­лашақта елімізді үлкен спорт­та жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Мем­лекет пен «AMANAT» партиясы барлық қала мен ауылда дене шынықтыру және спорт­пен шұғылдану үшін жағдай жасауға күш салу­да. Қазір «Жетісу» футбол клу­­­­бында жат­тығып жүрген балалар­дың ішінен бола­шақта әлемдік дең­гей­дегі жұлдыздар 
өсіп шығуы әбден мүм­кін, – деді Болат Керімбек.
Спортшылармен кездесуде депутат пар­тия­ның кәсіби және бұқаралық спорт­ты дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын на­сихаттау жөніндегі ба­сым­дықтары тура­лы айтты. Қазір Мә­жі­лістің әлеуметтік-мә­дени даму ко­митетінде дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы қа­ра­луда. Егер қазір Қазақстанда 180 спорт түрі дамыған болса, енді Олим­пи­а­да, Пара­лимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия­лық ойындар бағ­дарламасына енгізілген спорт түрлері­не басымдық бері­леді. Сонымен қатар заң жобасы спорт ре­зервін дайындауды жетілдіруге бағыттал­ған, ол үшін ұлт­тық спорттық даярлық стан­дарттары әзірленіп, бекітіледі.
Мемлекет пен партия өңірлерде бұ­қара­лық спортты дамытуға ерекше назар аударады. Мәселен, өткен жылы «AMANAT» пар­тиясының Жетісу облы­сы бойынша сай­лауалды бағдарламасы аясында Басши және Шанханай ауыл­да­рында күрес зал­дары, Кербұлақ ауда­ны Сарыөзек ауы­лын­дағы орталық ста­дион, Алакөл ауданының Бескөл ауы­лында, Панфилов ауданының Пен­жім және Үлкен Шыған ауылдарында, Қара­тал ауданының Кәлпе және Ескел­ді ауданының Көкжазық ауылдарында спорт кешендері пайдалануға берілді. Сарқан қаласында жабық футбол ма­не­жі салынып, орталық стадион жаңар­тылды.

Серіктес жаңалықтары