Алматыда троллейбус аялдаманы соғып, бір адам зардап шекті

Аялдаманың күл-талқаны шыққан.

Алматыда троллейбус аялдаманы соғып, бір адам зардап шекті
Видеокадрдан скриншот
Автор
Админ
419

Желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндады.

«Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылған. Аялдамада тұрған жолаушы зардап шеккен»-делінген баспасөз хабарламасында.

Жүргізуші «Алматыэлектротранс» мекемесінде 2014 жылдан бері жұмыс істейді.

«ЖКО болған күні жүргізуші таңғы сағат 05:14-те медициналық тексеруден, 05:28-де техникалық тексеруден өткен. Троллейбус салонында болған адамдардан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнына «Қозғалыс қауіпсіздігі» маманы жіберілді. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын полиция анықтайды»-деді мекеменің баспасөз қызметі.

 

 

Серіктес жаңалықтары