Боксшы Назым Қызайбайдың үйінің алдындағы жол жөнделіп жатқаны туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

Париж Олимпиадасында қола медалін иеленген боксшы Назым Қызайбайдың үйінің ауласына жөндеу жұмыстары басталғанға ұқсайды.

Боксшы Назым Қызайбайдың үйінің алдындағы жол жөнделіп жатқаны туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)
523

Желіде Назым Қызайбайдың үйінің ауласында жол жөндеушілердің жүргені туралы видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Назымды күтіп алуға дайындалып жатырмыз. Жол жиегіндегі тастарды ауыстырамыз. Назым келгенше бәрін дайындап қоямыз», - деді кадр сыртындағы дауыс иесі.

Мұны көрген желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп жатыр.

«Жақсы-ақ! Бірақ асфальтты тек қана Назымның, Сметовтің үйінің алдына емес, бүкіл Қазақстанның аймақтарында да салу керек. Сосын тесіктерді жамамай, дұрыстап сапалы төсемей ме?!», «Чемпион болмасаң асфальт төселмейді деген сөз ғой», «Не істейміз? Ауыл болып Олимпиадаға қатысамыз ба?», «Олимпияда қатысу керек еді» деп жазды интернет қолданушылары.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары