617
Қамауға алынған қазақстандық стендапер бостандыққа шықты
Желідегі парақшасында Меркуль өзінің концерттік қызметін жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Сахнада бейәдеп сөздер айтқаны үшін қамауға алынған стендапер Александр Меркуль бостандыққа шықты.
Ол Instagram-дағы парақшасында үйінде екенін мәлім еткен.
«Мен үйдемін! Қолдауларыңызға рақмет. Барлығыңызды жақсы көремін!», - деп жазды ол.
Желідегі парақшасында Меркуль өзінің концерттік қызметін жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Еске салсақ, Қазақстандағы танымал стендапер Александр Меркулб құқықбұзушылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.