«Білсем де, қабылдамаппын»: Төреғали Төреәлі сырқаты туралы айтты
Өнер иесі соңғы кездері денсаулығына байланысты жұмысқа деген құлшынысы да азая түскенін жазған
Танымал әнші, ақын Төреғали Төреәлі сырқаттанып қалғанын мәлім етті.
Өнер иесі соңғы кездері денсаулығына байланысты жұмысқа деген құлшынысы да азая түскенін жазған.
«Алланың берген әр күнінде хайыр мен игілік жатқанын түсіндім. Осы уақытқа дейін сырқаттанып қалсам, жұмысым тоқтамасын деп жүре беретінмін. Қарап тұрсам, одан жұмысыма деген құлшынысым азая түскен екен. Ал Алла қай уақытта саған не керек екенін жақсы біледі емес пе?», – деп жазды Төреғали Төреәлі.
Сонымен қатар өнер иесі денсаулықтың қадірін білуге шақырды.
«Сырқаттануды, Алланың пендесіне тазару үшін жіберетін қызметкері екенін білсем де, қабылдамаппын. Есесіне, әр күнімдегі толассыз шаруаларыма, мүлтіксіз қызметін жасап тұрған ағзамның саулығы үлкен нығмет екеніне тағы да көзім жетті», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.