«Астана» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Алматыда молдовалық «Милсамимен» кездесті. Бірінші матчта 1:1 есебі тіркелген еді.
Алматыдағы Орталық стадионда «Астана» 1:0 есебімен басым түсті. Матчтың 49-минутында Марин Томасов гол соқты. Көп ұзамай «Милсами» он футболшымен қалды - Име Ндон алаңнан қуылды.
Енді «Астана» келесі кезеңде «Корвинул» (Румыния) - «Риека» (Хорватия) матчының жеңімпазымен кездеседі.