Баян Мақсатқызы Kesh You-мен ән айтқан америкалық рэперге қанша ақша төлегенін айтты

Рэперге шапан жапқан соң ол екінші рет дубль жасауды өзі ұсыныпты.

Баян Мақсатқызы Kesh You-мен ән айтқан америкалық рэперге қанша ақша төлегенін айтты
сурет: Баян Алагөзованың Instagram-дағы парақшасы
504

Баян Мақсатқызы Kesh You тобымен ән айтқан америкалық рэперге қанша ақша төлегені белгілі болды. Бұл туралы ол “Viшнөвый джемге” берген сұхбатында айтты.

Екі жыл бұрын Snoop Dogg қаламақысын 250 мың АҚШ доллары деген болатын. Біз де сондай ақша төледік. Бірақ нақты мынадай сома деп айтпай-ақ қояйын. Оны нақты ешкім білмейді. Әлемдік жұлдызбен коллаборация жасау үшін аз ақша төлемейтінің белгілі. Бейнебаянға демеуші болған менің жолдасымның компаниясы. Үш күн ғана жұмыс істедік. Бір күн түсірілім алаңына келді. Екінші күні студиясына бардық. Ол сол жерде ғана жұмыс істейді екен. Басқа ешқайда бармайды деп бізге ескертті, – деді продюсер. 

Оның сөзінше, рэперге шапан жапқан соң ол екінші рет дубль жасауды өзі ұсыныпты.

“Түсірілім алаңындағы қызық оқиға деп айтуға болатын шығар. Біз Snoop Dogg-қа шапан жаптық. Ол қатты таңғалды. Бұл не, қандай киім?” деп сұрады. Ұлттық киім екенін, сыйлы қонақтарға кигізетінін айттым. Сол кезде ол осы шапанды киіп, екінші рет дубль жасайын деді. Оның алдында бір дубль ғана жасап жүрген еді. Ешқашан Snoop Dogg екінші рет дубль жасамаған. Бәрі қатты таңғалды. Одан кейін тағы бір мәрте үстінен киіп отырғанын көрдім”, – деді Баян Мақсатқызы.

 

Серіктес жаңалықтары